ҚР білім және ғылым Министрінің 2016 ж. 29.01. №122 бұйрығына сәйкес мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарына мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекітуге конкурс өткізу туралы хабарландыру

 

Конкурсты ұйымдастырушы: «Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Қаратөбе ауданының білім беру бөлімі» ММ, Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе ауданы,Қаратөбе ауылдық округі,Қаратөбе ауылы , Құрманғалиев көшесі,10 ғим.тел. 8-71145-31289, БСК KKMFKZ2A, ЖСК KZ03070102KSN2701000 РММ "ҚР қаржы Министрлігінің Қазынашылық Комитеті" ММ Коды 261, БСН 060240012685

Конкурсты ұйымдастырушының өкілі –Берик Гарапшиевич – Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Қаратөбе ауданының білім беру бөлімінің басшысы, Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе ауданы,Қаратөбе ауылдық округі,Қаратөбе ауылы , Құрманғалиев көшесі,10 ғим. тел. 8-71145-31231

Жалпы ережелер

Мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін республикалық маңызы бар қаланың, астананың білім басқармалары, қалалардың (аудандардың) білім бөлімдері конкурс өткізеді.

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру орындарын анықтау

Орал қаласының білім беру бөлімі ММ, жұмыстануға барлығы 125 орын, соның ішінде 125 жаңа, мемлекеттік білім беру тапсырысын бір тәрбиеленушіге мөлшері бір айға 41053 тенгеден қаржыландырылады.

Орал қаласының білім беру бөлімі мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін балалар контингентін топтастыруда білім бөлімінің кезектілік тізімін басшылыққа алады.

Өтінімді рәсімдеу кезінде конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Конкурсқа қатысуға өз қызметінің басталғаны туралы білім беру саласындағы уәкілетті органды хабардар еткен және мемлекеттік білім беру тапсырысын алуға өтінім берген мектепке дейінгі ұйымдар жіберіледі.

Конкурсқа қатысу үшін жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдар мынадай

құжаттарды тапсырады:

  • 1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша комиссия төрағасының атына жазылған өтінішті;
  • 2) заңды тұлғаны немесе дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманы немесе куәліктің көшірмесін, мектепке дейінгі ұйымдардың жарғысын, құжаттарды тапсырғанға дейін бір ай мерзімінен аспайтын банктен берілетін берешегінің жоқ екені туралы анықтаманы және салық органынан берілетін берешегінің жоқ екені туралы анықтаманы;

 

  • 3) мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту ұйымдары үшін қолданылатын жылжымайтын мүлікке құқықты белгілеуші құжаттардың көшірмесін (жекеменшік немесе жалға алу);
  • 4) "Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік қызметтер көрсетудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-336/2020 бұйрығымен бекітілген санитариялық-эпидемиологиялық қорытындылар беру жөніндегі мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларына (бұдан әрі - № ҚР ДСМ-336/2020 бұйрығы) мектепке дейінгі ұйымның санитарлық- эпидемиологиялық талаптарға сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының көшірмесін;
  • 5) медициналық кабинетке лицензиясының болуы туралы көшірмесін немесе тіркелген жерін ескере отырып емханамен жасалған қызмет көрсету туралы шартты;
  • 6) Заңға  сәйкес   тамақтандыруға   жұмсалатын   ата-аналар   төлемақысының

белгіленген мөлшерімен, тек қана республикалық маңызы бар қаланың, астананың білім басқармаларының, қалалардың (аудандардың) білім бөлімдерінің жолдамасымен мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша балаларды қабылдау туралы жеткізушінің міндеттемесін ұсынады. Жеткізуші Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша міндеттемелер нысанын толтырады;

  • 7) педагогикалық немесе кәсіптік білімі бар тәрбиешілердің білімі туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттарының көшірмелері.

Конкурстық өтінімге кіретін құжаттар тігіледі, нөмірленеді, мектепке дейінгі ұйымның құрылтайшысымен қол қояды, мөрімен расталады және конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген тәртіппен ұсынылады.

Конкурсқа қатысу үшін өтінімді рәсімдеу талабы

Конкурсқа қатысу үшін өтінім конкурсты ұйымдастырушыға конвертпен тігілген түрде, беттері нөмірленген және соңғы беті оның қолымен және мөрімен куәландырылған түрде әлеуметті жеткізушімен жеткізіледі. Конкурстық өтінімде ешқандай ендірме, түзетілім немесе толықтырулар болмауға тиіс, әлеуметті жеткізіп берушіге грамматикалық немесе арифметикалық қателерді түзету керек. Әлеуметті өнім беруші конкурсқа қатысуға өтінімді конвертке салып, оның беткі жағында әлеуметті өнім берушінің толық атауы мен мекен-жайы, конкурс ұйымдастырушының толық атауы мен мекен-жайы көрсетілуі тиіс. Конкурсқа қатысуға өтінім мемлекеттік және (немесе) орыс тілдерінде жасалып, тапсырылуы тиіс.

Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Қаратөбе ауданының білім беру бөліміне конвертке салынып, мөрленген түрде 15 жұмыс күні мерзімі ішінде 20.10.2021ж.-10.11.2021ж. №9 кабинетке тапсыру қажет.

Конверттерді ашу уақыты: 12.11.2021 ж. сағат 15.00.

Қосымша ақпаратты:   8(7114531165)   телефон   және https://www.karatobe-bilim.kz/kz/ сайт арқылы білуге болады.