comintour.net
stroidom-shop.ru
obystroy.com
лапароскопия паховой грыжи
Аты жазып алу
1 Білім беру ұйымдарындағы тамақтану сапасына
мониторинг жургізу жөніндегі комиссияларға арналған
жаднама
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
3 Тамақтану сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссиялардың(бракераждық комиссиялар) мониторингті жүзеге асыруы бойынша ұсынымдар
4 Тамақтану сапасын бақылау жөніндегі ведомствоаралық сараптамалық топтың қызметін ұйымдастыру бойынша ұсынымдар

 

 


Қаратөбе аудандық білім беру бөлімі жанынан Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 598 бұйрығының 3-параграф 72-тармағы негізінде ведомствоаралық сараптамалық топ  құрылып, жоспар бойынша 4 мектепке барып (Аққозы ЖОББМБК, Әділов атындағы БМ, Б.Қаратаев атындағы ЖОББМ, Жақсыбай НОМ) мониторинг жүргізді. Мектептерде тамақ бекітілген 4 апталық ас мәзірі бойынша берілуде.

 

 

Қаратөбе ауданы бойынша ыстық тамақ 19 жалпы білім беретін мектепте (100%) тамақты тасымалдаушымен ұйымдастырылған. Барлық мектепте асхана бар, олардың 12-сі типтік, 7-і бейімделген ғимаратта орналасқан, барлығы да экологиялық таза ауыз сумен қамтамасыз етілген және «диспенсерлермен» жабдықталған.

Тегін ыстық тамақпен қамтылған оқушылардың саны 2019-2020 оқу жылының қыркүйек айында 1649 оқушы (жалпы оқушының 66,7%), оның ішінде 1-4 сыныпта 1045 (100%), 5-11сыныпта 604 (42,4%). 2020 жылдың қаңтар айындағы есеп бойынша жалпы 2467 оқушының 1728-і (70%) ыстық тамақпен қамтылса, оның 1040-ы (100%) бастауыш сынып оқушылары, 688-і (48,3%) 5-11 сыныптың аз қамтылған отбасы балалары.

Бір мезгіл ыстық тамақ 4 апталық ас мәзірі негізінде жүзеге асады.

Жалпыға міндетті білім беру қорынан ыстық тамаққа 2019 жылға 1-4 кл- 56 млн 778 мың теңге

аз қамтылған отбасы балаларына- 38 млн 580 мың теңге қаржы қаралып, игерілді.

2020 жылға 1-4 кл- 47 млн 736 мың теңге, аз қамтылған отбасы балаларына- 35 млн 241 мың теңге қаржы қаралды. Ыстық тамақтың 1 балаға есептелген 1 күндік орташа құны 2019 жылы- 1-4 сыныптар-290 теңге, 5-11 сыныптар-290 теңге, интернат оқушыларына -710 теңге болса, 2020 жылға 1-4 сыныптар-260-270 теңге, 5-11 сыныптар-290-300 теңге, интернат-780 теңгені құрайды. Мектептерге өндірістік бақылау жүргізу үшін 19 мектепке 2020 жылға «Ұлттық сараптама орталығымен» келісім-шарт жасалды.

Мектеп асханаларының материалдық базасына келетін болсақ, жыл сайын жоспар бойынша мектеп асханаларына қажетті құралдар, ыдыстар сатып алынады. 2016 жылы-10 дана электроплита, 5 дана морозильник, 2017 жылы- асхана үстелдері мен орындықтары, 2019 жылы- 10 дана холодильник, 10 дана морозильник сатып алынды.

2017 жылы Ханкөл ЖОББМ-не жаңа асхана салынды.

Соналы ЖОББМ асханасын күрделі жөндеуден өткізу үшін 18 млн 778 мың 272 теңгеге жобалық-сметалық құжаттар жасалды. Қазіргі уақытта мемлекеттік сараптамадан өтуде.

Барлық мектептерде тамақтану сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссия және бракераж комиссиясы жұмыс жүргізеді.

Аудандық білім беру бөлімі жанынан «Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру, сондай-ақ мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етумен байланысты тауарларды сатып алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 598 бұйрығының 3-параграф 72-тармағы негізінде ведомствоаралық сараптамалық топ құрылып, жоспар бойынша мониторинг жүргізуде.