comintour.net
stroidom-shop.ru
obystroy.com

Қаратөбе аудандық білім беру бөлімінің 2018-2019 оқу жылында атқарылған жұмыстарының есебі

 

«Халық пен халықты теңестіретін - білім» - деп қазақтың абызы Мұхтар Әуезов айтқандай, білім бәсекесіне бейім шәкірт тәрбиелеу – біздің өмірлік мақсатымыз. Қазіргі жас ұрпақтың саналы да сапалы білім алуының бірден – бір шарты  –  оқу орындарындағы білім   беру   процесіне жаңа инновациялық технологияларды енгізу екендігі сөзсіз түсінікті. Сондықтан ғылыми-техникалық прогрестен қалыспай,   жаңа педагогикалық инновацияларды  дер  кезінде қабылдап,   өңдеп,   нәтижелі пайдалана білу –  әрбір ұстаздың негізгі міндеті болып табылады.

 

Қаратөбе аудандық білім беру бөлімі мектепке дейінгі сапалы тәрбиелеу мен оқыту, орта білім беруге тең қол жеткізуді, балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету және зияткер, рухани жағынан дамыған, табысты азаматты қалыптастыру мақсатында жұмыстануда.

 

Оқушылар контингенті

         

Ауданда 2018- 2019 оқу жылын 19 мектепте (оның ішінде  13 орта (оның 4-і мектеп-балабақша), 5 негізгі және 1 бастауыш) 2368 оқушы контингентімен (1-4 кл 989 оқушы, 5-11 кл 1379 оқушы ) бастады. 2381 оқушымен оқу жылы аяқталды. Білім сапасы 59,4 %.

 

Оқу жылы

Білім сапасы

2016-2017 оқу жылы

58,7

2017-2018 оқу жылы

58,3

2018-2019 оқу жылы

59,4

       

           

Педагог кадрлар

 

2018-2019 оқу жылындағы есеп бойынша педагог кадрлар  саны – 485-ті құрады. Олардың 367-жоғары білімді, 118-арнаулы орта білімді педагог қызметкерлер.

Жоғары санатты педагогтар саны – 68 + педагог-зерттеуші-42

І санатты –189  + педагог-сарапшы-84

ІІ санатты – 114  + педагог-модератор-51

Санатсыз педагогтар – 114.

 

Жоғары және І санатты педагогтар саны  52,9 пайызды құрайды

 

2016-2019 оқу жылдары жаңартылған білім беру мазмұны бойынша 368 педагог курстан өтіп, қазіргі таңда 80 педагогке курстан өтуге қажеттілік бар.

Үштілділік курсынан өткен педагог саны - 33

Деңгейлік курстан өткен педагог саны - 107

Басшылық деңгей курсынан өткен директорлар саны - 12

 

Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу

 

Қаратөбе ауданды бойынша 25 мектепке дейінгі ұйым, олардың 8 – і дербес балабақшалар, 4-і мектеп-балабақша кешені, 13- мектеп және балабақша жаныдағы шағын орталықтар. Онда барлығы 608  бала тәрбиеленуде. Мектеп жасына дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбие және оқытумен қамту көрсеткіші 3-6 жас аралығы – 100 пайызды, 1-6 жас аралығы 68,81 пайызды құрайды.  1-3 жас аралығындағы балаларды қамту көрсеткішін ұлғайту мақсатында Егіндікөл ауылдық округінде орналасқан «Балбұлақ» балалар бақшасы  бөбекжай типіне ауыстырылды. 18 жалпы және негізгі орта мектептер жанында барлығы 22 мектепалды даярлық тобы бар, ондағы тәрбиеленушілер саны – 325. 5-6 жастағы балаларды мектепке дейінгі тәрбие және оқытумен қамту көрсеткіші 100 пайызды құрайды.

 

Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында білім беру ұйымдарын ақпараттандыру

 

Аудан бойынша 6 мектепте 2019 жылы (Мектеп-гимназия, Мұхит ат.ЖОББМ, Шөптікөл ЖОББМБ, Жамбыл ЖОББМБ, Қалдығайты ЖОББМ, Қоскөл ЖОББМ) 1 сыныпқа оқушы қабылдауды, қызметкерлерді жұмысқа қабылдауды автоматтандыру енгізілді, қазіргі таңда жұмыстануда.

 

Электрондық журналдың енгізілуі.

 

Аудан орталығындағы  2 мектеп – Қаратөбе мектеп-гимназиясы, Мұхит атындағы жалпы орта білім беретін мектептері  Kundelik.kz сайтына қосылды, қазіргі таңда жұмыстануда.

           

Аудан бойынша мектептерде 559 компьютер бар, орташа есеппен 4 оқушыға 1 компьютерден келеді.

 

 

BILIM LAND ресурсы

 

Қазіргі таңда аудан бойынша Bilim Media Group компаниясымен 2019 жылдың 30 қаңтарында келісімшарт жасалып, 19 мектептің барлығына BILIM LAND порталына кіру үшін онлайн режимінде пароль мен логиндер берілді, сонымен қатар 2018 жылдың қыркүйек айында 19 мектепке 56 дана білім бук ( 56 дана проектор, 56 дана тақта) қондырылды. Барлық мектеп сабақ барысында білім бук мүмкіндіктері арқылы BILIM LAND ресурсын толықтай қолданып отыр.

 

 

 

Робот техникасы

 

Аудан бойынша 19 жалпы білім беретін мектептердің 9-ы (Қаратөбе мектеп-гимназиясы, Мұхит ат.ЖОББМ,  Шөптікөл ЖОББМб, Қалдығайты ЖОББМ, Аққозы ЖОББМ, Қоскөл ЖОББМ, Шалғын НОМ) робот техникасы кабинетімен жабдықталды.

 

IT сынып

 

Қаратөбе ауданы бойынша 2018-2019 оқу жылында IT сынып Қаратөбе мектеп-гимназиясы базасында ашылып, қазіргі таңда жұмыстар жүргізілуде. IT сыныпқа 2018-2019 оқу жылында 226 оқушы қамтылды. Қаратөбе мектеп – гимназиясының 2018-2019 оқу жылына арналған оқу жоспары бойынша факультативтік сабақтар негізінде 3,5-9 сыныптар (3 сынып- 21, 5 сынып-36, 6 сынып-40, 7 сынып-38, 8 сынып- 35, 9 сынып- 26) аралығында барлығы 11 апталық сағат бөлінсе, Қаратөбе балалар шығармашылық үйі жанынан  Мұхит ат.ЖОББМ мен Шөптікөл ОЖББМБ оқушыларын қамту мақсатында 8 апталық сағат (5-6 сыныптар-30 оқушы) бөлініп отыр.

Сабақ барысында http://stem-academia.com/stem-platform/ сайты қолданылады. IT сыныптың жабдықталуы жүргізілді.

2019-2020 оқу жылында Мұхит ат.ЖОББМ мен Шөптікөл ЖОББМб базасында IT сыныптарын ашу жоспарланып отыр.

 

 

Білім беру ұйымдарына бейнебақылау орнату туралы

 

Аудандағы типтік үлгідегі 10 мектепке 2016 жылы 200 бейнебақылау камералары (барлығы 5 916 681тг) қойылды:

1.Мұхит ЖОББМ-де 16 бейнекамера

2.Егіндікөл ЖОББМ –де 24 бейнекамера  

3.Шөптікөл ЖОББМБ-да 22 бейнекамера

4.Б.Қаратаев ат. ЖОББМ-де 24 бейнекамера

5.Мектеп-гимназияда-34 бейнекамера

6.Аққозы ЖОББМБ 16 бейнекамера

7.Үшағаш НОМ 16 бейнекамера

8.Аманшин ЖОББМ 16 бейнекамера

9.Жамбыл ЖОББМБ 16 бейнекамера

10.Қоскөл ЖОББМ 16 бейнекамера

2017 жылы Жазира балабақшасына 8 бейнебақылау қондырылды.

2018 жылдың желтоқсан айында Қалдығайты ЖОББМ-не 24 бейнебақылау қондырылды.

2019 жылы 7 мектепке, 7 балабақшаға бейнебақылау орнатылды:

Қаракөл ЖОББМБК 22 бейнекамера

Ханкөл ЖОББМ 21 бейнекамера

Соналы ЖОББМ  15 бейнекамера

Төлен НОМ 16 бейнекамера

Жақсыбай НОМ 20 бейнекамера

Алакөл НОМ 9 бейнекамера

Шалғын НОМ 9 бейнекамера

Балдырған бөбекжайы 8 бейнекамера

Шұғыла бөбекжайы 8 бейнекамера

Балбұлақ б10 бейнекамера

Қарлығаш 10 бейнекамера

Балапан 10 бейнекамера

Раушан 10 бейнекамера

Айгөлек 10 бейнекамера

 

Оқушыларды қорытынды аттестаттау

 

«Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 14) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2008 жылғы 18 наурыздағы №125 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы 2018 жылғы 9 ақпандағы №47 бұйрығы негізінде 2019 жылы білім алушылар аралық және қорытынды аттестаттаудан өткізілді. 9 сыныптың білім алушылары үшін 27 мамыр- 6 маусым аралығында қорытынды бітіру емтихандары, 11 сыныптың білім алушылары үшін 28 мамыр- 7 маусым аралығында мемлекеттік бітіру емтихандары өтті.

 

2018-2019 оқу жылында 11 сыныпты 143 оқушы аяқтады. 1 оқушы денсаулығына байланысты қорытынды аттестаттаудан босатылды, оқу жылы қорытындысы бойынша 9 оқушы «Алтын белгі», 6 оқушы «Үздік аттестат» иегері атанды.

 

Мектеп атауы

Алтын белгі иегерлері

Үздік аттестат иегерлері

Мектеп-гимназия

2

3

Мұхит атындағы ЖОББМ

2

1

Б.Қаратаев атындағы ЖОББМ

2

1

Қалдығайты ЖОББМ

3

 

Соналы ЖОББМ

 

1

Барлығы

9

6

 

ҰБТ қорытындысы

 

Мектеп бітіруші түлектер үшін 2019 жылдың 22 маусым күні №846 ҰБТ ӨП-де тест өткізілді.

 

2018-2019 оқу жылын 13 жалпы орта білім беретін мектепті 143 оқушы аяқтаса, оның 135-і(13 мектептен)яғни 94,4% (2018 жылы 80,68%) ҰБТ тапсыруға өтініш беріп, толық қатысты.

 

Аудан бойынша ҰБТ тапсырған 135 оқушының орташа балы 85,92 (2018 жылы 92) балл. Шығармашылық емтихан тапсыратын 19 оқушы тек 2 пәннен ғана (Қазақстан тарихы, математикалық сауаттылық)тест тапсырғандықтан,олардың балы шегеріліп есептелгенде орташа балл- 95,2. (2017 жылы 98,19)

 

Оқу жылы

Оқушы саны

Қатысқаны

Орташа балл (шығармашылықсыз)

Орташа балл (шығармашылықпен)

2017-2018

176

142

92

98,19

2018-2019

143

135

85,92

95,2

 

Білім беру мекемелері ғимараттарының оқу жылына дайындығы

 

           

Барлық білім беру ұйымдары 19 мектеп, 8 балабақша, 3 қосымша білім беру ұйымдары көгілдір отынмен жылытылады. Барлық білім беру ұйымдарына ағымдағы жөндеу жұмыстары жасалуда.

           

Жазғы демалыс

 

2019 жылы оқушылардың жазғы демалысы, сауықтырылуы және еңбекпен қамтылуын ауданның 19 мектебі жанындағы лагерьлерде, аудандық Шалқар көлі жағасындағы «Балдәурен» жазғы сауықтыру лагері мен Егіндікөл ауылындағы «Жасыл желкен» туристік лагері және Қалдығайты, өзені жағалауында Шөптікөл ЖОББМБК-нің базасында жылжымалы шатырлы лагерь ұйымдастырылуда.

 

Аудан бойынша мектепішілік лагерьге 2211 (98,5) оқушы, «Балдәурен» жазғы сауықтыру лагеріне 250 бала және «Жасыл желкен» жазғы демалыс лагеріне 200 баланы және аудандық балалар мен жасөспірімдер саяхаты және экология орталығы жанынан ұйымдастырылатын жылжымалы шатырлы лагерьге 100 баланы демалдыру жоспарланып, 2211 оқушы  98,5%-ға қамтылады.

 

Италия мемлекетіне демалуға оқуда және қоғамдық өмірде жетістікке жеткен, аз қамтылған отбасының балалар санатынан  Қоскөл жалпы орта білім беретін мектебінің оқушысы Темірболатов Ерасыл Арыстанұлы және жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар санатынан Мұхит атындағы Жалпы орта білім беретін мектебінің  оқушысы Жетписова Мәлика Қуанышқызы 01.07-18.07 күндері аралығында демалып келді.

 

 

Қосымша білім беру ұйымдарының қызметі

 

2018-2019 оқу жылында 3 қосымша білім беру ұйымы: Қаратөбе балалар саз мектебі (120 оқушы), Қаратөбе балалар шығармашылық үйі (672 оқушы), Қаратөбе балалар мен жасөспірімдер саяхаты және экология орталығы (645) жұмыстануда. Қосымша білім беру  ұйымдарына барлығы 1437 оқушы қамтылған. Бұл барлық  оқушының  60,68 %-ын құрайды.

 

 

 

 

Мектеп жанындағы интернат

 

2018-2019 оқу жылында мектеп-гимназия жанындағы «Дарын» интернаты (100 оқушы), Қалдығайты жалпы орта білім беретін мектебі жанындағы интарнат (10 оқушы) жұмыстанды. Барлық оқушылар саны – 110.

 

 

Тасымал

 

2018-2019 оқу жылында мектебі жоқ елді-мекендерден оқушыларды тасымалдау арқылы оқыту 1 мектепте (Соналы ЖОББМ) ұйымдастырылуда. Соналы ЖОББМ-де 10 оқушы (Ақмешіт-7, Тереңқұдық-3) тасымалданады.

                    

Ыстық тамақпен қамтылуы

 

Қаратөбе ауданы бойынша барлық 19 жалпы білім беретін мектепте тамақты тасымалдаушымен мектеп ұйымдастырады.

2018-2019 оқу жылында ыстық тамақпен 1653 оқушы (69,8%) қамтылуда, оның ішінде 984-і бастауыш сынып оқушылары (100%), 669-ы аз қамтылған отбасы балалары.

Оқулықпен қамтылуы

2018-2019 оқу жылына оқулықтарды сатып алу және тасымалдауға жергілікті және облыстық бюджеттен қаржы бөлініп,  4,9,10 сынып оқушыларына жаңа буын оқулықтарын, үш тілді оқытуға оқулықтар, көркем әдебиеттер, мектеп алды даярлық пен 1 сынып оқушыларына жазу дәптерлері сатып алынады. Оқулықпен қамту көрсеткіші- 100 %.

 

Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін сақтау бойынша қызметі

 

Аудан бойынша 6 бала қамқоршылықта, 2 бала патронаттық тәрбиеде, 5 бала бала қабылдаушы отбасында тәрбиеленуде.

 

 

Мемлекеттік қызмет көрсету стандарты

 

2019 жылдың  ІІ –тоқсаны  бойынша  қағаз түрінде көрсетілген қызмет саны - 1098, электронды үкімет порталы арқылы-39, халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы-53. Мемлекеттік қызметтер көрсету барысында орындау мерзімі бұзылған жоқ.

 

Инклюзивті білім беру

 

     

Қаратөбе аудандық білім беру ұйымда 0-18 жас аралығы бойынша ерекше білімді қажет ететін бала саны-185. Соның ішінде инклюзивті біліммен қамтылғаны-138 бала, оның ішінде үйден оқытын оқушы-11, денсаулығына байланысты оқуға жатпайтын бала саны-8, арнайы түзеу мекемелерінде оқитын бала саны-15, кәмелет жасқа толмай оқуды аяқтағандар-3,колледжде оқитын бала саны-5, педагогикалық –психологиялық түзету кабинетінде бала саны-5. Аудан бойынша логопункт саны-3. (Мұхит ат.ЖОББМ, Қалдығайты ЖОББМ, Егіндікөл ЖОББМ). Арнайы сынып-3 (Мұхит ат.ЖОББМ). Ондағы бала саны-12 және де «Балдырған» бөбекжайында инклюзивті кабинет жасақталған. Ондағы бала саны-7.

        

Қыркүйек айында білім беру ұйымдарында логопед пен дефектолог мамандарына штат ашылған болатын. 8 логопед мамандығына                          (Қаратөбе мектеп-гимназиясы-1 бірлік, Қаракөл ЖОББМБК-0,5 бірлік, Аққозы ЖОББМБК-0,5 бірлік, Шөптікөл ЖОББМБК-0,5 бірлік, Жамбыл ЖОББМБК- 0,5бірлік, Б.Аманшин ат.ЖОББМ-0,5 бірлік, Соналы ЖОББМ-0,5 бірлік, Ханкөл ЖОББМ-0,5 бірлік) және үш дефектолог мамандығы бойынша (Қоскөл ЖОББМ-0,5 бірлік, Жамбыл ЖОББМБК-0,5 бірлік, «Балбұлақ» балалар бақшасы-0,5 бірлік) штат ашылды. Барлығы білім беру ұйымдарында логопед мамандығы бойынша-8,5 бірлік, дефектолог мамандығы бойынша-7 бірлік енгізілген. Ал мамандарға келетін болсақ білім беру мекемелерінде логопед маманы- 12, дефектолог маманы- 9. 

       

Үйден оқитын мүмкіндігі шектеулі оқушыларға да жағдай жасалынуда. Ерекше білімді қажет ететін үй жағдайында оқитын 11 оқушының 6-на компьютер және интернет желісі қосылды. Олар (Серикова Жұлдыз, Сембеков Ерқанат, Аманбаев Фархат, Шагуанов Әлфараби, Тұрсынғалиев Райымбек, Ербулекова Камила).

 

Білім көкжиегімізді кеңейтіп, білім беру ұйымдарының атынан облыстық, республикалық байқауларға қатысып, ауданымыздың намысын қорғап, мектебінің жарқын жетістіктерге жетуіне жол ашқан аяулы ұстаздарымыз бен оқушылардың жетістіктері

 

Респбуликалық байқау, конкурс-сайыстарға қатысушы оқушылар жетістіктері туралы мәлімет

 

Мектебі

Оқушының аты жөні

Сыныбы

Байқау атауы

жетістігі

Дайындаған мұғалім

1

Б.Қаратаев атындағы Саралжын ЖОББМ

 

Айдынгалиева Айкоркем Азаматқызы, Ғайсин Аманжол Слемғалиұлы

 

8,9

«Ауылым-алтын бесігім» әлеуметтік жобалар байқауы

 

ІІ орын

Ашикова Толкын Ажбаевна, Мырхахметова Салтанат Есентемировна

2

Мұхит атындағы ЖОББМ

Өтепов Райымбек Бекболатұлы

11

Республикалық «Ұлы дала дарындары» ақындар айтысы

Бас жүлде

Хасанова Балзира Жалелқызы

3

Республикалық қазақ күресінен "Жас барыс" турнирі

ІІІ орын

Сыдыков Роман Мұратбекұлы

4

Мұхит атындағы ЖОББМ

Ерболат Ержан

9

Республикалық оқушылардың жазғы спартакиадасы

ІІІ орын

Нысанов Нұрхат Есенжанұлы

5

Мұхит атындағы ЖОББМ

Ерболат Ержан

9

Республикалық қол күресінен жастар арасындағы чемипионат

І орын

Нысанов Нұрхат Есенжанұлы

6

Мұхит атындағы ЖОББМ

Жарылгасимов Сейілхан

9

Республикалық қол күресінен жастар арасындағы чемипионат

ІІІ орын

Нысанов Нұрхат Есенжанұлы

7

Қаратөбе мектеп-гимназиясы

Шайжанов Әли

9

Республикалық оқушылардың жазғы спартакиадасы

ІІ орын

Нысанов Нұрхат Есенжанұлы

8

Жамбыл ЖОББМБК

 

командалық (4 оқушы)

Республикалық спорттық бағдарлаудан қысқы спартакиадасы

ІІ орын

Габдуллин Еркебұлан

9

Жамбыл ЖОББМБК

Шынтасқызы Мадина

7

«Ауылым-алтын бесігім» әлеуметтік жобалар байқауы

ІІ орын

Мукатова Гулим Жасулановна

 

Облыстық байқау, конкурс-сайыстарға қатысушы оқушылар жетістіктері туралы мәлімет

 

1

Жамбыл ЖОББМ

Искаков Бакытжан

10

«Күзгі өнімдер» байқауы,                                 «Қиялымдағы көкөністер» номинациясы

ІІ орын

Бакытжанова Баян

2

Жамбыл               ЖОББМ

Көшербаев Арсен

7

«Күзгі өнімдер» байқауы,                                             «Күзгі қиял» номинациясы

І орын

Бакытжанова Баян

3

Жамбыл ЖОББМБК

командалық

Ұлдар арасындағы волейболдан облыстық мектеп лигасы

І орын

Жұматов Азамат

4

Жамбыл ЖОББМб

Шынтасқызы Мадина

8

Республикалық жаратылыстану-математика бағыты бойынша жасөспірімдер олимпиадасының облыстық кезеңі

ІІI орын

Тюлекбаева Светлана Тнейовна

5

Жамбыл ЖОББМБК

командалық

Облыстық спорттық бағдарлаудан жазғы спартакиадасы

ІІ орын

Габдуллин Еркебұлан

6

Қалдығайты ЖОББМ

Құспанова Ақбота

9

«Шексіз әлем балалар көзімен» байқауы,                    «Қазақстан туған өлкем, табиғатың қандай көркем!» номинациясы

І орын

Исмагулов Ғабдықадір

7

Қалдығайты ЖОББМ

Амангерей Гүлжайна

6

«Шексіз әлем балалар көзімен» байқауы,                    «Хэнд-мэйд-өз қолыңмен жасалған ғажайыптар» номинациясы

ІІ орын

Қуанышкереев Берік

8

Қалдығайты ЖОББМ

Қайырғалиева Аңсағаным

8

«Туған өлкемді зерттеймін»  ғылыми-зерттеу конференциясы,                                                           «Экология және адам» номинациясы

ІІ орын

Кажимова Жаңыл

9

Қалдығайты ЖОББМ

Шамшырақова Айнара,          Қайырғалиева Аңсағаным, Есқалиева Айда, Елеуов Жеңісбек

8

«Экологиялық патруль» байқауы,                             «Экологиялық патруль» номинациясы

ІІІ орын

Маратова Асхат Маратұлы

10

Қалдығайты ЖОББМ

Нұрланқызы Даяна

8

Облыстық Ақұштап оқулары - 2019""

ІІІ орын

Өтегенова Индира Мұратқызы

11

 

Қайырғалиева Аңсағаным

 

Облыстық  «Менің Отаным- Қазақстан»  туристік  отрядтар слетінде  

ІІІ орын

Өтегенова Индира Мұратқызы

12

Қалдығайты ЖОББМ

Құспанова Ақбота

9

Облыстық "Абай оқулары - 2019" байқауының  "Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда" бөлімі бойынша

ІІІ орын

Жұматаева Гүлшара

13

Қаратөбе мектеп - гимназиясы

Торғын Қадыржан

8

«Туған өлкемді зерттеймін» ғылыми-зерттеу конференциясы,                                                          «Қалдықсыз өмір» номинациясы

ІІІ орын

Ишанова Динара

14

15

16

Қаратөбе мектеп - гимназиясы

Орынбай Али, Қасымханұлы Еркебұлан, Болатова Айда, Абаева Меруерт

5 с

V облыстық «Ғылым эксперименттен басталады - 2019» ғылыми-танымдық зерттеушілік турнирі, БІРІНШІ «Үй тапсырмасы» туры бойынша

І орын

Байниязова Г,  Рамазанов Ж, Халиуллина А, Қайрғалиева М, Хабибуллина Ж, Хамидуллин Д, Аубекерова Ф,             Идирова М,               Кажгалиева Г

17

Қаратөбе мектеп - гимназиясы

Қанатқызы Альмира

7

Облыстық жаратылыстану-математика бағыты бойынша жасөспірімдер олимпиадасы

ІІІ орын

Байниязова Гүлбаршын

 

18

 

19

 

20

 

21

Қаратөбе мектеп - гимназиясы

Төлеуғұл Алтынзер

11

«Апельсин-2018» облыстық физика-техникалық турнирі,    «Үздік физик-эрудит» номинациясы

ІІ орын

Упагалиева Гулжайна Шапагатовна

Жакипова Нұрлы

11

Қарапшиев Бауыржан

11

Тілектесов Ербұлан

11

 

22

 

23

 

24

 

25

 

Қаратөбе мектеп - гимназиясы

Өтеғалиев Ислам

10

«Апельсин-2018» облыстық физика-техникалық турнирі,    «Үздік физик-эрудит» номинациясы бойынша

ІІI орын

Упагалиева Гулжайна Шапагатовна

Муханбетжанова Айдана

10

Октябрь Табияш

10

Махсот Мерей

10

 

26   

 

 

 

27

 

Қаратөбе мектеп - гимназиясы

Алтаев Ерасыл

8

«My Robot-2019» облыстық байқауы, «Гонки по линии» категориясы бойынша

ІІI орын

Түгелтаев Айболат Бердіғалиұлы

Валерий Алихан

6

 

28   

 

 

 

 

 

 

29

 

Қаратөбе мектеп - гимназиясы

Төреғали Санжар

8

«Жаңа мүмкіндіктер алаңы» роботтық техникалырдаң облыстық байқауы, «Ақылды ауылшаруашылығы шығармашылық ғылыми-техникалық жоба қорғау» категориясы бойынша

ІІI орын

Түгелтаев Айболат Бердіғалиұлы

Жасұланұлы Әлішер

8

30

 

Қаратөбе мектеп - гимназиясы

Жасұланұлы Әлішер

8

«KazRobotics-2019» облыстық байқауы, «Гонки по линии» категориясы бойынша

І орын

Түгелтаев Айболат Бердіғалиұлы

31

Төлеуғалиев Санжар

8

32

 

Қаратөбе мектеп - гимназиясы

Мерболатұлы Мирлан

9

Робототехника сайысы, «КЕГЕЛЬРИНГ» категориясы бойынша

ІІI орын

Бексегуров Атапкел Жанболатұлы

33

Беріков Әли

8

34

 

Қаратөбе мектеп - гимназиясы

Валерий Алихан

6

«My Robot-2019» облыстық байқауы, «КЕГЕЛЬРИНГ» категориясы бойынша

ІІI орын

Бексегуров Атапкел Жанболатұлы

35

 

Наурызбайұлы Фараби

6

36

 

Қаратөбе мектеп - гимназиясы

Серіков Адият

5

XV облыстық «Ақ желкен-2018» математикалық регатасы

ІІI орын

Хабибуллина  Жадыра Дидарқызы Аубекерова Фаруза Сатаевна

37

 

Орынбай Әли

 

38

 

Жақсылық Ерұлан

5

39

Нәсіпқали Мадияр

5

40

Қаратөбе мектеп - гимназиясы

Мұрадымқызы Гүлназ

4

Облыстық "Intel-junior - 2019" Эрудит туры бойынша

ІІІ орын

Абдрахманова Назгүл

41

Қаратөбе мектеп - гимназиясы

Бисенғали Саябек Хайырұлы

10

«Өрімтал» облыстық жас тілшілер фестивалі

«Айқын» газетінің Бақтыгерей Құлманов атындағы жүлдесі

Муканова Анар Қажығалиқызы, Есқожина Самал Сембайқызы

42

Қаратөбе мектеп - гимназиясы

Аманқауыс Ләйлә

11

Жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасында өткізілген Республикалық пәндік олипиаданың облыстық кезеңі қазақ тілі пәні бойынша

ІІІ орын

Муканова Анар Қажығалиқызы, Есқожина Самал Сембайқызы

43

Қаратөбе мектеп - гимназиясы

Беркінова Айкөркем

11

Жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасында өткізілген Республикалық пәндік олипиаданың облыстық кезеңі тарих пәні бойынша

ІІІ орын

Жумагалиева Алмажан Жасұланқызы

44

Мұхит ат.              ЖОББМ

Саленова Аружан (Балалар ш-үйі)

10

«Табиғатты аяла» жас өлкетанушылар, экологтар мен табиғат зерттеушілерінің форумы,                                              «Қалдықтардан-табыстарға» номинациясы

І орын

Құспанова Шолпан                   (БШҮ-ң қосымша             білім беру педагогы)

45

Мұхит атындағы ЖОББМ

Тұрабай Байжан Сержанұлы

МАД тәрбиеленушісі

"Бала тілі - бал" облыстық байқауы

І орын

Қалиева Гүлімхан Болатқызы

46

Мұхит атындағы ЖОББМ

Ғабитов Дәулет

11

Қазақ күресінен облыс бірнеше дүркін чемпионы, ҚР чемпионатына қатынаушы, спортшеберлігіне үміткер

І орын

Сыдықов Роман Мұратбекұлы

47

Мұхит атындағы ЖОББМ

Өтепов Мұқағали

10

БҚО чемпионатының жеңімпазы, ҚР чемпионатына қатысушы, облыстық "Жас барыс" туринирінің жеңімпазы. Спорт шеберлігіне үміткер

І орын

Сыдықов Роман Мұратбекұлы

48

Мұхит атындағы ЖОББМ

Жылқыбаев Батыр

7

Қазақ күресінен республикалық, облыстың бірнеше дүркін чемпионы, спортшеберлігіне үміткер

І орын

Сыдықов Роман Мұратбекұлы

49

Мұхит атындағы ЖОББМ

Жолдан Тілеуберді

7

Қазақ күресінен Республикалық турнирдің қола жүлдегері, облыстың бірнеше дүркін чемпионы, спортшеберлігіне үміткер

І орын

Сыдықов Роман Мұратбекұлы

50

Мұхит атындағы ЖОББМ

командалық

Футболдан облыстық мектеп-лигасы

ІІ орын

Сайнов Нұрбек Бекболатұлы

51

Мұхит атындағы ЖОББМ, Жамбыл ЖОББМБК

 

құрама командасы

Оқушылардың облыстық қысқы спартиакадасында

ІІІ орын

Князбаев Жомарт, Габдуллин Еркебұлан

52

Мұхит атындағы ЖОББМ

Нагимов Әділет

 

Мақсот Жұмаев жүлдесі үшін облыстық жарысы

ІІ орын

Жұмағалиев Мұхтархан Қажымұқанұлы

53

Мұхит атындағы ЖОББМ

Жолдығали Айдос

 

Облыстық  «Жайық толқыны»  өлкетану фестивалі

ІІ орын

Қалиева Гүлімхан Болатқызы

54

Мұхит атындағы ЖОББМ

Ғабды Ерсұлтан

 

Облыстық  «Жайық толқыны»  өлкетану фестивалі

ІІ орын

Қалиева Гүлімхан Болатқызы

55

Мұхит атындағы ЖОББМ

Баймбет Айбек
Рысбаев Ерболат
Қойшыбаев Эльдар
Мухамбедиярова Замира
Зейноллиева Мақпал

 

Тау туризмі техникасынан  академик Т.Жездібаевты  еске алуға арналған облыстық жарысы

Командалық ІІ орын

Жұмағалиев Мұхтархан Қажымұқанұлы

56

Егіндікөл   ЖОББМ

Орынғали Самал

9

«Экологиялық патруль» байқауы,                             «Сақтаймыз және қорғаймыз» номинациясы

ІІІ орын

Кожбаева Дина Закиқызы

57

 

 

 

58

Қоскөл ЖОББМ

Нығметуллин Арман

8

«KazRobotics-2019» облыстық байқауы, «KazRoboProject» номинациясы бойынша

ІІI орын

Амангалиева Умит                     Темиржановна

Сайлауов Жантілеу

7

59

 

60

Қоскөл ЖОББМ

Нығметуллин Арман

8

«My Robot-2019» облыстық байқауы, «Smart City» шығармашылық байқау категориясы бойынша

ІІ орын

Амангалиева Умит                     Темиржановна

Максимов Диас

7

61

Б.Қаратаев ат.Саралжын ЖОББМ

командалық

Қыздар арасындағы волейболдан облыстық мектеп лигасы

ІІ орын

Алдаберген Қараш

62

Б.Қаратаев атындағы Саралжын ЖОББМ

Босай Мералы Ерлікұлы

10

«Өрімтал» облыстық жас тілшілер фестивалі

Республикалық «Дружные ребята» газетінің Максим Зверев атындағы арнайы жүлдесі

Килыбаева Айгерим Амандыковна

63

Б.Қаратаев ат.Саралжын ЖОББМ

команда

Облыстық "Әбіш оқулары " байқауының  "

ІІІ орын

Үмбеталиева Нұразада Айболатовна, Қилыбаева Айгерім Амандыққызы, Ашықова Толқын Әжібаейқызы

64

Б.Қаратаев атындағы Саралжын ЖОББМ

Мұратжановтар отбасы

«Алтын ұя» байқауы

І орын

Ашихова Толкын Ажыбаевна

65

Б.Қаратаев ат.Саралжын ЖОББМ

Ерғожина Гүлмайра

8

Облыстық Ақұштап оқулары - 2019""

І орын

Ашықова Толқын Әжібаейқызы

66

Б.Аманшин ат. ЖОББМ

Хамза Ақжүніс

9

Облыстық "Махамбет оқулары "

ІІ орын

Мұқанова Айнагүл Серікқызы

67

Б.Аманшин ат. ЖОББМ

Ерболатова Гүлназ

9

Облыстық "Абай оқулары"

ІІІ орын

Мұқанова Айнагүл Серікқызы

68

Аққозы ЖОББМ

Бекенова Асылай

10

«Өрімтал» облыстық жас тілшілер фестивалі

«Үркер» журналының абыз тұлғамыз Әбіш Кекілбаев атындағы арнайы жүлдесі

Сұлтанғалиева Кенжегүл

69

 

Қаратөбе балалар саз мектебі

Жасұлан Мирас

1

52 облыстық жас музыканттар фестивалі

ІІІ орын

Утенизов Сержан Серикович

70

 

Ғабдиева Бұлбұл

5

ІІІ орын

Кайрлиева Сымбат Сабиржановна

71

Саз мектебінің балалар оркестрі

 

ІІІ орын

Есенгельдиев Жанболат Сисенгалиевич

72

 

Шөптікөл ЖОББМБК

Асыланбекқызы Жайна

11

Облыстық "Айбын-2019" әскери-париоттық жастар жинында әскерленген эстафета сайысы

ІІ орын

Биялиев Мержан Асқарұлы

73

 

Қайыпқалиев Қасым

10

74

 

Сағынғалиев Адият

10

75

 

Қожахметов Абылай

10

76

Байымбет Айбек

10

77

Егіндікөл   ЖОББМ

Сердалина Айбейханым

9

облыстық Әбіш оқуларынан "Зерделеу жоба қорғау" бөлімінен

ІІІ орын

Муханова Акмарал Ораковна

78

Егіндікөл   ЖОББМ

Мәлік Камилла

5

Облыстық "Шексіз әлем балалар көзімен" байқауынан "Кең байтақ менің елім" номинациясы бойынша 

І орын

Жұбанов Еркінғали

79

Шөптікөл ЖОББМБК

Асыланбекқызы Жайна

11

Спорттық бағдарлаудан ересектер арасындағы Батыс Қазақстан облысының ашық Кубогінде Ж-20 тобы бойынша Орта қашықтықта

І орын

Қорғанбаев Наурызбек

Спорттық бағдарлаудан ересектер арасындағы Батыс Қазақстан облысының ашық Кубогінде Ж-20 добы бойынша Спринт қашықтықта

ІІІ орын

Қысқы спорттық бағдарлаудан өткізілген жарыста "Эстафета" қашықтығынан W санаты бойынша

ІІ орын

Қысқы спорттық бағдарлаудан өткізілген жарыста "Ұзақ" қашықтығынан W18 санаты бойынша

ІІ орын

Қысқы спорттық бағдарлаудан өткізілген жарыста "Ұзақ" қашықтығынан W18 санаты бойынша

ІІІ орын